2026 жылғы 25 ақпанда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Жангелдин ауданы білім бөлімінің №91 бұйрығына сәйкес аудан мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің қауымдастық отырысы өтті. Маңызды басқосу Ш.Уәлиханов атындағы Торғай жалпы білім беретін мектебінің базасында ұйымдастырылды.
Қауымдастық отырысының негізгі мақсаты – педагогтердің өзара тәжірибе алмасуына жағдай жасау, заманауи оқыту әдістері мен формаларын тиімді қолдану жолдарын қарастыру және білім сапасын арттыруға бағытталған ортақ шешімдер қабылдау болды.
Жиын барысында мектеп оқушыларын пәндік олимпиадаларға жүйелі түрде даярлау, эссе жазу дағдыларын қалыптастыру мәселелері кеңінен сөз болды. Сонымен қатар оқыту дағдылары нормасының сақталуы, кездесетін қиыншылықтар мен артықшылықтар, оларды шешу жолдары жан-жақты талқыланды.
Оқушылардың қазақ тілі пәні бойынша біліміндегі талдау жүйесінде жіберілетін олқылықтарды анықтау және оларды жоюдың тиімді тәсілдері де тәжірибелік тұрғыда қарастырылды. Бұдан бөлек, жазба жұмыстарының (мақала, диктант, шығарма) нормаларын сақтау мақсатында орындалатын жаттығулар мен талдаулар ұсынылып, нақты әдістемелік бағыт-бағдар берілді.
Аталған тақырыптардың барлығы мектептегі оқыту үдерісінде маңызды алғышарттардың бірі екендігі атап өтілді. Мектептерге әдістемелік көмек көрсету барысында көптеген мұғалімдердің дәл осы бағыттар бойынша әдістемелік қолдау қажеттілігі бар екені ескеріліп, қауымдастық отырысының күн тәртібіне өзекті мәселелер жоспарлы түрде енгізілгенін отырыс үйлестірушісі Жанат Карбозовна атап өтті. Басқосу қорытындысында қатысушылар бүгінгі кездесудің мазмұнды әрі нәтижелі өткенін айтып, спикерлерге, атап айтқанда, Шоқан Уәлиханов атындағы Торғай жалпы білім беретін мектебінің мұғалімдері С.Кенжеғали, Г.Сейдағалиева, Д.Зарыпбайға және Аманкелді жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі С.Жақсылыққа, мектеп ұжымына алғыс білдірді. Мұндай кәсіби алаңдар ұстаздардың әдістемелік әлеуетін арттырып қана қоймай, білім сапасын көтеруге нақты ықпал ететіні сөзсіз.
12 Мамыр 2026
Жаңалықтар
2026 жылғы 25 ақпанда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Жангелдин ауданы білім бөлімінің №91 бұйрығына сәйкес аудан мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің қауымдастық отырысы өтті
Пайдалы ақпараттық ресурстар



