13 Мамыр 2026
Жаңалықтар

2026 жылдың 26 ақпанында «Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі» және «Білім сапасына әсер ететін факторлар: мұғалім, мотивация, әдіс» тақырыбында семинары ұйымдастырылды

2026 жылдың 26 ақпанында «Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында әдістемелік кабинеттің жұмыс жоспарына сәйкес «Білім сапасына әсер ететін факторлар: мұғалім, мотивация, әдіс» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің аудандық семинары ұйымдастырылды.
Аудан ұстаздары бас қосқан бұл тағылымды кездесудің басты мақсаты – білім сапасына әсер ететін негізгі факторларды саралау, тәжірибе алмасу, тиімді әдіс-тәсілдерді ортаға салу және кәсіби ынтымақтастықты нығайту болды. «Мұғалім. Мотивация. Әдіс.» бір-бірімен тығыз байланысты, білім нәтижесіне тікелей ықпал ететін маңызды үштік екені кеңінен талқыланды.
Семинар қонақтарын мектеп ұжымы ерекше ықыласпен қарсы алды. Ұлттық би, қазақтың қасиетті аспаптары жетіген мен домбыраның күмбірлеген күйі келген ұстаздарға рухани серпіліс сыйлады. Семинардың мақсат-міндеттері және жұмыс бағытымен аудандық білім бөлімінің әдіскері Жанат Карбозқызы таныстырып, мектеп директоры Айгүл Марқабайқызы құттықтау сөз сөйлеп, ұстаздарға сәттілік тіледі.
Бұдан кейін қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бекетова Е.М. танысу тренингін ұйымдастырды. Қонақтар ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсарин рухына арналған «Ыбырай мұрасы» бұрышымен және арнайы жасақталған Ыбырай бөлмесімен танысып, ағартушының 185 жылдығына арналған мазмұнды көрмеге куә болды.
«Қазақтың дастарханы – берекенің бастауы» тақырыбында Қосылбаева Н.И. 7-сыныпта, Оралхан Бөкей «Тортай мінер ақ боз ат». Автор бейнесі және кейіпкер тақырыбында Қайырбекова Қ.Т. 6-сыныпта, Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа» шығармасы бойынша Анапина О.А. 5-сыныпта ашық сабақтар өткізді. Әр сабақта оқушы белсенділігі, мәтінмен терең жұмыс, кейіпкер психологиясын талдау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу бағытындағы тиімді әдістер көрініс тапты.
«Поэзияны оқытудың креативті әдістері» тақырыбындағы Есекеева А.Т., «Мотивациядан нәтижеге дейін: әдіс арқылы білім сапасын арттыру» тақырыбындағы Серикбаева А.К., «Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың жаңаша әдістері» тақырыбындағы Елеубаева А.К. өткізген шеберлік сыныптары да көпшілік көңілінен шықты. Шеберлік сағаттарында заманауи оқыту технологиялары, оқушының ішкі уәжін қалыптастыру жолдары, шығармашылық тапсырмалардың тиімділігі жан-жақты талқыланды. Қатысушылар тәжірибелік жұмыстар арқылы әдістердің нақты нәтижеге қалай жеткізетінін байқады.
Семинар соңында қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Көпшілік бұл кездесудің кәсіби шабыт сыйлағанын, тәжірибе қоржынын байытқанын атап өтт. Бүгінгі семинар жай ғана әдістемелік шара емес, ұстаздың рухани жаңғыру алаңы болды. Себебі, білім сапасы тек бағдарлама мен жоспардың нәтижесі емес, ол – мұғалімнің жүрек жылуы, оқушының ішкі мотивациясы және дұрыс таңдалған әдістің үйлесімі.
Осындай мазмұнды басқосулар алдағы уақытта да жалғасын табады деген сенімдеміз. Бірлесе ізденген ұстаз – сапалы білімнің кепілі!

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар