2026 жылғы 19 ақпан күні 5–6 сынып оқушыларына арналған облыстық олимпиаданың кезеңі өтті. Олимпиадаға ауданнан 5-сыныптан 4 оқушы, 6-сыныптан 5 оқушы қатысып, өз білімдерін сынға салды.
Нәтижелері:
І орын – Ы.Алтынсарин мектебі 6-сынып оқушысы Жалғасбай Қаракөз, жаратылыстану пәні.
Республикалық кезеңге жолдама алды.
Жетекшісі: Әмірғалиева Томирис Нығыметқызы
ІІ орын – Ш.Уәлиханов мектебі 6-сынып оқушысы Қасым Томирис, орыс тілі пәні.
Жетекшісі: Хасенова Кымбат Каримовна
ІІІ орын – Ы.Алтынсарин мектебі 6-сынып оқушысы Ахан Берік, математика пәні.
Жетекшісі: Нұрмағанбетова Айымторы Серікбайқызы
Республикалық кезеңге жолдама алған Жалғасбай Қаракөзге сәттілік тілейміз!
Жеңімпаз оқушыларымыз бен жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз!


