2026 жылдың 5 наурыз күні білім бөлімінің басшысы Абай Қасымұлы жалпы білім беретін пәндер бойынша 5–6 және 7–8 сынып оқушылары арасында өткен олимпиаданың жеңімпаздары мен олардың жетекшілерімен кездесті.
Кездесу барысында бөлім басшысы дарынды оқушыларды дайындап, білім мен ғылым жолында жетістікке жетуіне үлес қосып жүрген ұстаздарға алғысын білдіріп, оқушыларға жүрекжарды тілегін жеткізді. Жүлдегер оқушылар мен олардың жетекшілеріне алғыс білдіріліп, оқушыларға әдеби кітаптар сыйға тартылды.
Шара барысында пән мұғалімдері мен дарынды оқушылармен жұмыс бағытындағы әдіскер Бекзат Болатқызы олимпиадалық дайындықтың маңыздылығы туралы өз ойларымен бөлісіп, оқушыларға алдағы білім додаларында сәттілік тіледі.
Кездесу еркін пікір алмасу форматында өтіп, оқушыларға жаңа жетістіктерге ұмтылуға мотивация берді.
https://bb-dzhangeldi.edu.kz/janaliktar-basti-oral/9713-daryndy-o-ushylarmen-kezdesu.html#sigFreeId495631b2d6

