14 Мамыр 2026
Жаңалықтар

2022 жылғы 6 мамырдағы № 185 «Халықтың тығыздығына және елді мекендердің қашықтығына қарай білім беру ұйымдары желісінің кепілдік берілген меммлекеттік нормативін бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 6 мамырдағы № 185 «Халықтың тығыздығына және елді мекендердің қашықтығына қарай білім беру ұйымдары желісінің кепілдік берілген меммлекеттік нормативін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес келмейтін мектептердің 2025-2026 оқу жылының 3 тоқсаны бойынша қызметін талдау нәтижесінде 2026 жылғы 02 сәуірде аудан әкімі Д.Бидашев ауыл әкімдерімен бірлескен отырысын өткізіп, түсінік жұмыстарын атқарылатын жұмыс көлемін түсіндірді. Сонымен қатар, білім бөлімінің басшысы А.Қасым мектеп директорларымен ЗУМ арқылы кездесу өткізді.
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жангелдин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты барлығы 19 білім беру ұйымдарының 8 -і мемлекеттік нормативіне сәйкес келмейді. Олардың ішінде Аманкелды, С.Мәуленов, Қ.Жармағанбетов, Ғ.Қайырбеков, Қ.Қайдосов, Жанкелдин, А.Қонқабаев, Шұбалаң мектептері. Аудан мектептері көші-қон бағдарламасы аясында оңтүстік өңірлерден отбасыларды көшіріп әкелу жұмыстарымен ауыл әкімдерімен бірлесіп айналысуда, әсіресе Сырбай Мәуленов, Қайнекей Жармағанбетов мектептерінің әкімшіліктері.
Жангелдин ауданы арқылы өтетін «Орталық-Батыс» деп аталатын жол салынуына байланысты өңіріміздің экономикасының дамуына тың серпін береді деп есептей отырып, күнкөріс, қарым-қатынас күшейіп, халық саны тұрақтап, көші-қон жұмыстары әлі де жүретінін есептей отырып, мектептерге балалар келуі мүмкіндігіне болжау жасалып отыр.

Пайдалы ақпараттық ресурстар