2026 жылғы 7 сәуір күні Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Жангелдин ауданы білім бөлімінің №203 бұйрығына сәйкес аудан мектептерінің информатика пәні мұғалімдеріне арналған «Жасанды интеллект және функционалдық сауаттылық» тақырыбындағы семинар Н.Г. Иванов атындағы жалпы білім беретін мектебінде өткізілді.
Негізгі мақсат – цифрлық дәуір талаптарына сай білім беру сапасын арттыру, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту және педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдіру.
Семинар барысында:
Жасанды интеллекттің білім берудегі рөлі талқыланды;
Сабақта қолдануға болатын тиімді әдіс-тәсілдер ұсынылды;
Практикалық жұмыстар арқылы нақты дағдылар қалыптастырылды;
Үздік педагогикалық тәжірибелермен бөлісу жүзеге асырылды.
Қатысушылар жоғары белсенділік танытып, жаңа білім мен тың идеяларға ие болды.
Осындай маңызды іс-шаралар білім беру сапасын жаңа деңгейге көтеруге зор мүмкіндік береді.
https://bb-dzhangeldi.edu.kz/janaliktar-basti-oral/9721-zhasandy-intellekt-zh-ne-funktsionaldy-sauattyly.html#sigFreeId7eac58fbc4

