Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Жангелдин ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 2026 жылғы 10 сәуір күнгі №52 бұйрығы негізінде Серикбаева Асем Кыстаубаевна Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Жангелдин ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің әдістемелік кабинет меңгерушілігі лауазымына тағайындалды.
Серикбаева Асем Кыстаубаевна 17.04.1976 жылы туған. Білімі жоғары. Арқалық педагогикалық институтын қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі бойынша тәмамдаған. 1994 жылдан бастап білім саласында жұмыс жасайды. 1994-1997 жылдар аралығында Аманкелді ауданының білім бөліміне қарасты «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, 1997-2027 жылдар аралығында Аманкелді аудандық аудандық білім бөлімінде әдістемелік кабинет меңгерушісі, 2007-2011 жылдар аралығында Аманкелді ауданындағы Аманкелді орта мектебінде мектеп директоры, 2011 жылдан бүгінгі күнге дейін Торғай селосындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінде мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
Көп жылғы тәжірибесі мен кәсіби біліктілігі жоғары, ұйымдастырушылық және көшбасшылық қабілеті мол Асем Кыстаубаевнаға жаңа қызметінде сәттілік, ұжыммен үйлесімді жұмыс, білім сапасын арттыру жолында жемісті еңбек пен биік жетістіктер тілейміз!
View the embedded image gallery online at:
https://bb-dzhangeldi.edu.kz/janaliktar-basti-oral/9727-zha-a-ta-ajyndau-2.html#sigFreeIda616b42f1c
https://bb-dzhangeldi.edu.kz/janaliktar-basti-oral/9727-zha-a-ta-ajyndau-2.html#sigFreeIda616b42f1c

