18 Мамыр 2026
Жаңалықтар

«Кітап оқитын мемлекеттік қызметші»

 Қостанай облысында өткен «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» байқауының облыстық кезеңі – білім мен руханиятты ұштастырған тағылымды шара болды. Бұл игі бастамаға Жангелдин ауданы атынан қатысқан білім бөлімі мамандары, соның ішінде бөлімінің басшысы Абай Қасымұлы, сектор меңгерушісі Алуа Тұрсынғалиевна және бас маман Бақыткүл Шырдайқызы қатысып, өзге командалар арасында белсенділік танытып, кітап оқудың маңызын насихаттауда үлгі көрсетіп қана қоймай, жүлделі үшінші орынды иеленді. Кітап – тек білім көзі ғана емес,

рухани азық, ойдың тереңдігі, сананың сергектігі. Осындай мазмұнды байқаулар мемлекеттік қызметшінің кәсіби тұрғыдан ғана емес, рухани тұрғыдан да дамуына жол ашады. Байқау жеңімпаздары қатарынан көрінген әріптестерімізге шығармашылық табыс, оқуға деген құштарлық, рухани биіктік тілейміз!
Жүлделі орындар құтты болсын, әріптестер!
Пайдалы ақпараттық ресурстар