Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жангелдин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 Қаулысына сәйкес, 2026-2027 оқу жылында мектеп жасындағы балаларды оқытумен толық қамтуды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға; төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға; білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына
қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бағытталған «Жалпыға бірдей оқу» қорынан мамыр айында 372 балаға 18 млн. 916 мың 572 теңгеге ақшалай, әр ата-ананың счетына бала басына 50 851 теңгеден берілді. Атап айтқанда:
Ы. Алтынсарин атындағы ЖББМ - 102 бала
Ш. Уәлиханов атындағы ЖББМ - 74 бала
Қ. Топаев атындағы ЖББМ - 18 бала
Қаратүбек ЖББМ - 23 бала
Жангелдин ЖББМ - 23 бала
Қ. Жармағанбетов атындағы ЖББМ - 6 бала
М. Дулатов атындағы ЖББМ - 15 бала
А. Байтұрсынов атындағы ЖББМ - 23 бала
Албарбогет ЖББМ - 6 бала
Аманкелді атындағы ЖББМ - 4 бала
А. Қоңқабаев атындағы ЖББМ - 12 бала
С. Мәуленов атындағы ЖББМ - 25 бала
Қ. Қайдосов атындағы ЖББМ - 8 бала
Ғ. Қайырбеков атындағы ЖББМ - 6 бала
Шұбалаң НОМ - 10 бала
А. Нұрманов атындағы НОМ - 17 бала

