30 Маус 2026
Жаңалықтар

Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру туралы ақпарат

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жангелдин ауданының білім бөлімі» ММ-нің ұйымдастыруымен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында Жангелдин ауданының білім беру ұйымдарында оқитын ерекше білім беру қажеттіліктері бар және мүгедектігі бар балаларды жазғы демалыспен қамтуға бағытталған жоба іске асырылды. Жобаның негізгі мақсаты: ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың денсаулығын нығайту үшін жағдай жасау, спорттық-сауықтыру белсенділігін арттыру, шығармашылық ой-өрістерін дамыту. Аталған жоба бойынша «Перекресток» қоғамдық қорымен келісім шарт жасалды. Жазғы демалысты ұйымдастыру жобасы шеңберінде ағымдағы жылдың 29 маусым - 03 шілде аралығында аудан бойынша ерекше білім беру қажеттіліктері бар, сонымен қатар үйден оқитын балалар «Хатико» лагерінде демалатын болады (6 бала, 6 еріп жүруші, барлығы – 12 адам). Балалар ата-аналарымен бірге демалуға, көптеген жаңа тәжірибелер алуға, жаңа достар табуға ғана емес, сонымен қатар денсаулыққа пайдалы уақытты өткізуге мүмкіндік алды.

Пайдалы ақпараттық ресурстар