2026 жылғы 22 сәуір күні Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының ұйымдастыруымен Жангелдин ауданы, Шоқан Уәлиханов атындағы Торғай жалпы білім беретін мектебі базасында биология және химия пәні мұғалімдеріне арналған облыстық семинар-практикум өтті. Семинар-практикумға барлығы 33 мұғалім қатысты. «Химия және биология пәндеріндегі тиімді әдістер, зерттеу тәсілдері және шығармашылық сабақ үлгілері» тақырыбындағы семинардың мақсаты – пән мұғалімдерінің зерттеушілік құзыреттілігін арттыру, STEAM бағыты мен цифрлық технологияларды тиімді қолдану арқылы тәжірибе алмасу болды. Семинардың ашылуында «Жангелдин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Асем Қыстаубаевна құттықтау сөз сөйлеп, білім беру саласындағы өзекті бағыттарға тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Іс-шара аясында Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығына орай мектептерде ұйымдастырылған жұмыстардан көрме ұсынылды. Көрмеде биология және химия пәні мұғалімдерінің жетістіктері, оқушылардың ізденіс, зерттеу жұмыстары мен ғылыми жобалары қойылып, қатысушылар назарына ұсынылды. Теориялық бөлімде сала өкілдері заманауи білім беру үрдістері мен пән мұғалімдерінің кәсіби дамуының маңыздылығына тоқталды. Практикалық бөлімде қатысушыларға биология және химия пәндері бойынша ашық сабақтар, цифрлық ресурстар мен STEAM бағытындағы шеберлік сыныптар ұсынылды. Сонымен қатар зертханалық жұмыстар мен тәжірибелерді тиімді ұйымдастыру жолдары көрсетілді. Workshop форматында қауіпсіз әрі қызықты зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру, зерттеу және модельдеу әдістері тәжірибе жүзінде таныстырылып, мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинар қорытындысында қатысушылар рефлексия жасап, өзара пікір алмасты. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» КММ әдіскері Садвакасова Зауреш Нуралиновна және аудандық білім бөлімінің әдіскері Бекзат Болатқызы қорытынды сөз сөйлеп, семинар барысында ұсынылған тәжірибелерге жоғары баға берді. Олар ұсынылған тәжірибелердің өзектілігін атап өтіп, алдағы жұмыстарға бағыт-бағдар беретін тың идеялар мен ұтымды ұсыныстарды атап өтті. Семинар тақырыбының маңыздылығы ерекше екені айтылып, мұндай мазмұнды іс-шаралардың білім сапасын арттырудағы рөлі зор екені көрсетілді. Қатысушы мұғалімдер ұйымдастырылған семинарға ризашылықтарын білдіріп, кәсіби тұрғыда құнды тәжірибе алғандарын жеткізді. Осындай іс-шаралар педагогтердің кәсіби дамуына серпін беріп, тәжірибе алмасудың тиімді алаңына айналуда
https://bb-dzhangeldi.edu.kz/janaliktar-basti-oral/9745-oblysty-khimiya-biologiya-p-ni-m-alimderine-arnal-an-seminar.html#sigFreeIdc44e3111b4

