Ұлт ақыны Кеңшілік Мырзабековтің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған «Кеңшілік оқулары» шығармашылық жастар байқауының жоғары деңгейде өтуіне қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Жазушылар одағы Қостанай облыстық өкілдігінің басшысы Жанұзақ Аязбекұлы арнайы Алғыс хаттар табыстады.
Аталған марапаттарды Абылай Мауданов Жангелдин ауданының білім бөлімі басшысы Абай Қасымұлына, Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жанат Асанқанқызына, білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Әсем Қыстаубаевнаға, әдіскер Жанат Карбозовнаға, Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жанат Асанқанқызына, сондай-ақ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Айгерім Серікқызы мен Нұргүл Исламбекқызына салтанатты түрде тапсырды.
Бұл марапат – аудан көлемінде рухани-мәдени шараларды жоғары деңгейде ұйымдастырып, жас ұрпақтың әдебиетке, поэзияға деген қызығушылығын арттыру жолындағы тынымсыз еңбектің жемісі. «Кеңшілік оқулары» байқауының мазмұнды әрі тағылымды өтуі – ұйымдастырушылардың бірлескен қажырлы жұмысының айқын көрінісі болды.
Осындай игі бастамалар арқылы ұлттық әдебиетіміз ұлықталып, жас таланттардың шығармашылық қанаты кеңге жайыла беретіні сөзсіз.
https://bb-dzhangeldi.edu.kz/janaliktar-basti-oral/9746-ke-shilik-o-ulary.html#sigFreeId244956fcbb

