05 Тамыз 2026
Жаңалықтар

Кітап оқитын ұлт

«Кітап оқитын ұлт» – рухани жаңғырудың, білім мен парасаттың айқын көрінісі. Осы маңызды жоба аясында Жангелдин ауданының білім бөлімі зор жетістіктерге қол жеткізді. Атап айтқанда, «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» номинациясы бойынша білім бөлімінің мамандары облыстық кезеңнің қорытындысында ІІІ орын иеленсе, «Кітап оқитын мектеп» номинациясында 10-сынып оқушыларының командасы ІІ орынға, 6-сынып оқушыларының командасы ІІІ орынға лайық деп танылды.
Жүлдегерлер облыс әкімі Құмар Ақсақалов қабылдауында болып, еңбектерінің жоғары бағалануына куә болды. Бұл – кітапқа деген сүйіспеншіліктің, білімге деген құштарлықтың және үздіксіз ізденістің жарқын дәлелі.
Кітап оқу – тек уақыт өткізу емес, ол – ой-өрісті кеңейту, рухани байлықты арттыру, болашаққа нық қадам жасау. Осындай игі бастамалар жас ұрпақтың саналы, білімді, парасатты болып қалыптасуына үлкен серпін береді.
Жангелдин ауданының білім саласындағы бұл жетістік – барша ұстаздар мен оқушылардың, мамандардың ортақ еңбегінің жемісі. Жобаға белсенді қатысып, жоғары нәтиже көрсеткен барлық жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз! Алар асуларыңыз биік, жетістіктеріңіз мол болсын!

Пайдалы ақпараттық ресурстар