Бүгін Жангелдин ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен ұлы ағартушы, қазақ даласына білім шырағын жаққан Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығына орай «Ыбырайдың ізбасары» атты мұғалімдер байқауы ұйымдастырылды.
Бұл байқау – жай ғана кәсіби сайыс емес, бұл – Ыбырай Алтынсарин салған сара жолдың жалғасы, ұстаздық миссияның биік көрінісі. Ұлы ағартушының басты арманы – білімді, тәрбиелі, ойы озық ұрпақ қалыптастыру болса, бүгінгі педагогтер сол қасиетті мақсатты абыроймен жалғастырып келеді. Байқаудың негізгі мақсаты – мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру, шығармашылық әлеуетін дамыту және Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық идеяларын насихаттау. Сонымен қатар педагогтердің кәсіби құзыреттілігін анықтау, үздік педагогикалық тәжірибені тарату, шығармашылық жұмыстарын қолдау, қазақы білім беру мен ұлттық құндылықтарды ұштастыру міндеттері басты назарға алынды.
Байқау 4 кезеңнен тұрды. Алғашқы «Таныстыру» кезеңінде қатысушылар «Мен – Ыбырай жолының жалғасымын» тақырыбында өздерін таныстырды. Екінші «Білімді ұстаз» кезеңінде Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығына байланысты теориялық сұрақтарға жауап берді. Үшінші «Шығармашылық жұмыс» бөлімінде ашық сабақ элементтері, авторлық әдістер, жобалар мен презентациялар ұсынылды. Ал төртінші кезең – «Ыбырай тағылымы» атты эссе жазу бөлімі болды. Мұнда қатысушылар «Ыбырай ізімен: инновация мен адамгершілік үндестігі" тақырыбында өз ой-толғамдарын ортаға салды.
Байқау барысында Ғафу Қайырбеков мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Төлеубаева Күнімжан Бестаубайқызы, Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Есекеева Айгерім Төкешовна, Шоқан Уәлиханов атындағы Торғай жалпы білім беретін мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Қапарова Айдана Әлібекқызы, Н.Г. Иванов атындағы жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сабыржанова Айдана Жарқыновна, С. Мәуленов атындағы жалпы білім беретін мектептің орыс тілі пәні мұғалімі Доспаева Алтын Наурызовна барлық кезеңде ерекше жұмыстарымен көзге түсті.
Сонымен қатар, Албарбөгет жалпы білім беретін мектебінің физика-математика пәні мұғалімі Қазымбек Аружан, Қ. Қайдосов атындағы жалпы білім беретін мектептің математика пәні мұғалімі Бақытжан Айәсем Ерболатқызы, Жангелдин атындағы жалпы білім беретін мектептің математика пәні мұғалімі Қалдыбай Мағжан Қалдыбайұлы, Қаратүбек жалпы білім беретін мектебінің тарих пәні мұғалімі Төреғұл Диана, Аманкелді жалпы білім беретін мектебінің педагог-психологы Қабен Диана, Қаражан Топаев атындағы жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Әбдісалықова Айгерім өзіндік ерекшеліктерімен, жаңашылдығымен дараланды.
Барлық ұстаздар Ыбырай дәстүрін жалғастырушы, білім көшін алға сүйреуші тұлға екенін дәлелдей алды.
Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені Есекеева Айгерім Төкешовна, I орынды Төлеубаева Күнімжан Бестаубайқызы, ІI орынды Сабыржанова Айдана Жарқыновна, Қапарова Айдана Әлібекқызы, III орынды Доспаева Алтын Наурызовна иеленді.
Барлық мұғалімдерге инновациялық жобалары, үздік сабақ үлгілері және білім беру саласындағы ерен еңбектері үшін шынайы алғыс білдіреміз!
Сіздердің әрбір тың идеяларыңыз – ел болашағына салынған инвестиция. Себебі сапалы білім – мықты ұлттың негізі. Еңбектеріңіз жана берсін, шығармашылық табыстарыңыз арта берсін!
https://bb-dzhangeldi.edu.kz/janaliktar-basti-oral/9847-ybyrajdy-izbasary.html#sigFreeId1a0940c75d

