1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын!
Бүгін айтулы мерекеге орай өткізілген аудандық іс-шараларға Жангелдин ауданының білім бөлімі белсене ат салысты. Ұжым қызметкерлері мерекелік бағдарламаларға қатысып, татулық пен достықтың жарқын үлгісін көрсетті.
Іс-шара барысында тәжік ұлтының ұлттық асханасынан дәм дайындалып, көпшілікке ұсынылды. Бұл – еліміздегі ұлттар арасындағы сыйластық пен мәдени әртүрліліктің айқын көрінісі.
Осындай игі бастамалар ұжым бірлігін нығайтып, ортақ құндылықтарды дәріптеуге жол ашады.
Бірлігіміз бекем, татулығымыз мәңгі болсын!
Мереке құтты болсын!
View the embedded image gallery online at:
https://bb-dzhangeldi.edu.kz/janaliktar-basti-oral/9848-1-mamyr-aza-stan-khal-yny-birligi-k-ni-tty-bolsyn.html#sigFreeIda0e0084690
https://bb-dzhangeldi.edu.kz/janaliktar-basti-oral/9848-1-mamyr-aza-stan-khal-yny-birligi-k-ni-tty-bolsyn.html#sigFreeIda0e0084690

