26 Тамыз 2026
Жаңалықтар

«Жангелдин ауданының білім бөлімі»

«Жангелдин ауданының білім бөлімі» ММ 2026–2027 оқу жылына дайындық барысы

Бірінші сыныпқа 174 баланың 168  баласы қабылдануы жоспарланып отыр.

Білім беру ұйымдары желісінің кепілдендірілген мемлекеттік нормативтеріне сәйкес келмейтін 8 мектептердің бала саны толықтыруды қажет етеді.

А.Қоңқабаев-73 оқушы (9-сыныптан 1 колледжге);

Жангелдин мектебі-74 (9-сыныптан 3 колледжге);

          Аманкелді мектебі-59 оқушы,

          Қ.Жармағанбетов-43 оқушы (4 бала келді)  (9-сыныптан 1 колледжге);

          С.Мәуленов -56 оқушы;

          Қ.Қайдосов-73 оқушы  (3 бала келді) (9-сыныптан 1 колледжге);

          Шұбалаң -23 оқушы;

          Ғ.Қайырбеков -55 оқушы;

Қостанай облысы әкімінің 2026 жылғы 17 тамыздағы №245 қаулысына сәйкес, жаңа оқу жылынан бастап «Жас өркен» балалар шығармашылық үйі өз жұмысын бастап, 3 бағытта 6 үйірме бойынша қосымша білім беру қызметін көрсетеді. Оқыту үлгілік жоспарға апталық жүктеме сағаттары арқылы педагогтарға бөлінеді. Әр бөлімде жетісіне  4 сағаттан кем емес.

2025–2026 оқу жылының қорытындысы бойынша аудан оқушыларының білім сапасының орташа көрсеткіші 62,0 пайызды құрады. Бұл өткен оқу жылындағы 61,7 пайызбен салыстырғанда 0,3 пайызға жоғары.

Білім алушылардың үлгерімі 100 пайызды құрады.

2025–2026 оқу жылында аудан бойынша 181 оқушы 11-сыныпты аяқтады.

Олардың ішінде:

9 түлек – «Алтын белгі» иегері;

17 түлек – үздік аттестат иегері атанды.

2026 жылғы ҰБТ қорытындысы бойынша ауданның орташа көрсеткіші 64,6 балды құрады. Бұл 2025 жылғы 63,51 балмен салыстырғанда 1,09 балға жоғары.

2026 жылы аудан бойынша барлығы-48;  45+3 (2 Қазақстан халқына қоры, 1-Ректор гранты) түлектер  білім беру грантының иегері атанды. Оның ішінде 7 «Алтын белгі» иегері және 9 үздік аттестат иегері грантқа ие болды.

11 сыныптың 130 түлектері ЖОО түсті,51 колледждерге.

9 сыныпты -205 оқушы аяқтады. 182 оқушы 10 сыныпқа «Сакура» платформасы арқылы қабылданды. 23 бала колледждерге түсті. Қыркүйектің 05 не бастап жаңа оқу жылының есептілігі жүреді, оның ішінде 0-18 жас аралығында есептілікті жылына 4 рет ( наурыз, маусым, қыркүйек, желтоқсан айларында) жасалады (Мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балалар орта білім алғанға дейін оларды есепке алуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы ҚР БҒМ 2017 жылғы 11 шілдедегі № 324 бұйрыққа сәйкес).

ҰБДҚ (НОБД) базасында түлектерді шығарып, оқушыларды қабылдап. Бұйрықпен жауаптылар бекітіледі.

Мемлекеттік тілде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің санын арттыру жөніндегі Жол картасын орындау бойынша 1 аралас мектеп (Н.Г.Иванов мектебі) мемлекеттік тілде білім алатын тәрбиеленушілер саны мен бала санын толықтыру қажеттілігі туындайды. Кәзіргі таңда 1-4 сыныптардың 32 оқушысы мемлекеттік тілде дәріс алады.

Сыбайлас жемқорлықтың ішкі, сыртқы тәуекелдеріне талдау жұмыстары жылына бір рет есебі жүргізіледі.

Е-өтініш ақпараттық жүйесі бойынша уақтылы өтініштерді алынып, нұсқаулыққа сәйкес жасалады.

2026 жылғы 20 тамызда «Жангелдин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қасым Абай Қасымұлының төрағалығымен аудандық тамыз кеңесінің шеңберінде білім беру ұйымдарының директорларымен «Жаңа халықтық конституцияның нормалары мен құндылықтары: адами капиталды дамыту-білім беру жүйесінің стратегиялық негізі» тақырыбында секция отырысы өткізілді.

Секция отырысы барысында 2025-2026 оқу жылының қорытындысы бойынша өткізілген Ұлттық бірыңғай тестілеу-2026 ж нәтижесіне талдау жасалды.

2026-2027 оқу жылына арналған Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «2026-2027 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» Әдістемелік нұсқау хатының жобасымен таныстырып, жаңа оқу жылының тарификациясын жасау бойынша нұсқаулықтар берілді.

Пайдалы ақпараттық ресурстар