02 Қырқ 2026
Жаңалықтар

Бұлттық сақтау

Жангелдин ауданының білім беру ұйымдары бойынша 9 (10) және 11 (12)-сынып білім алушыларын қорытынды аттесттатау емтихандары басталды. 2026 жылғы 29 мамырда, бүгін 9-сыныптар үшін математика (алгебра) пәнінен жазбаша емтиханы тапсырылуда.
Қорытынды аттестаттау мерзімдері:
9-сыныптар үшін 29 мамыр-11 маусым 2026 жыл.
11 сыныптар үшін 02 маусым-15 маусым 2026 жыл.
Емтихан материалдары электронды форматта Ұлттық тестілеу орталығынан «Бұлттық сақтау»-ға жүктеледі, Білім басқармасының жауапты тұлғасына жіберіледі, одан әрі Білім бөлімінің жауапты тұлғасы білім беру ұйымдарына жібереді. Жангелдин ауданының білім бөлімі бойынша жауапты тұлға, сектор меңгерушісі Раисова А.Т.
Қорытынды аттестаттау барысында мектеп формасын сақтап, тәртіпті, жауапкершілікті болу-әрбір оқушы үшін міндет. Бірқатар шектеулер мен ескертулерді (аниматорларды, мерекелік агенттіктерді және жеке студияларға тарту, мерекелік дастархан ұйымдастару, автокөліктермен шерулер өткізу, әкімшілікке және педагогикалық ұжымға сыйлыққа қаражат жинау) назарға ала отырып, академиялық адалдықты сақтай отырып, ұйымдасқан түрде өткізілуі қажет етіледі.
Қостанай облысы бойынша жалпы орта білім туралы аттестаттарды салтанатты түрде тапсыру рәсімі 2026 жылғы 18 маусымда білім беру ұйымының ғимаратында өткізіледі.
Пайдалы ақпараттық ресурстар