07 Қырқ 2026
Жаңалықтар

Түлектер мектеп формасын сақтап, тәртіпті сақтауы қадағалануда

2026 жылғы 2 маусымда, Жангелдин ауданының білім беру ұйымдары бойынша11 (12)-сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау бойынша алғашқы емтихандары өткізілді. Емтихан Қазақстан тарихы пәнінен (ауызша) пәнінен өткізілді. Қорытынды аттестаттау мерзімдері: 11 сыныптар үшін 2 маусым-15 маусым 2026 жыл. Білім бөлімі тарапынан білім беру ұйымдарында қорытынды аттестаттаудың өткізілуі қатаң бақылауда ұсталуда. Түлектер мектеп формасын сақтап, тәртіпті сақтауы қадағалануда. Келесі емтихандар төмендегі пәндерден өткізіледі: Алгебра және анализ бастамалары бойынша жазбаша емтихан- 2026 жылғы 5 маусым. (Қазақ тілі/орыс тілінде оқытатын мектептер үшін ана тілі (оқыту тілі) (жазбаша) емтихан 2026 жылғы 9 маусым. Таңдауы бойынша пәндерден (физика, химия, биология,география,геометрия, дүние жүзілік тарихы,құқық негіздері, әдебиет (оқыту тілі), шет тілі (ағылшын/француз/неміс) информатика -2026 жылғы 12 маусым. Орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілі мен әдебиетінен, қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілі мен әдебиетінен (жазбаша)-2026 жылғы 15 маусым. Қостанай облысы бойынша жалпы орта білім туралы аттестаттарды салтанатты түрде тапсыру рәсімі 2026 жылғы 18 маусымда білім беру ұйымының ғимаратында өткізіледі. Бірқатар шектеулер мен ескертулерді (аниматорларды, мерекелік агенттіктерді және жеке студияларға тарту, мерекелік дастархан ұйымдастару, автокөліктермен шерулер өткізу, әкімшілікке және педагогикалық ұжымға сыйлыққа қаражат жинау) назарға ала отырып, академиялық адалдықты сақтай отырып, ұйымдасқан түрде өткізілуі қажеттілігін ескертеміз.

Пайдалы ақпараттық ресурстар