«Орленок» сауықтыру кешеніне– сәт сапар! Бүгін ауданымыздан 100 бала жазғы демалыстарын тиімді әрі қызықты өткізу мақсатында «Орленок» балалар сауықтыру кешеніге жол тартты. Жазғы сауықтыру демалысы – балалардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, олардың жаңа достар тауып, шығармашылық және спорттық қабілеттерін дамытуына үлкен мүмкіндік береді. Лагерьде балаларды түрлі танымдық іс-шаралар, қызықты ойындар, спорттық жарыстар мен ұмытылмас әсерге толы күндер күтуде. Сонымен қатар білім бөлімінің басшысы Абай Қасымұлы балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру барысын бақылау мақсатында "Орленок" сауықтыру кешеніне арнайы барып балалардың тыныс-тіршілігі, демалыс орнының тұрмыстық жағдайы мен қауіпсіздік мәселелеріне назар аударды. -Асхана жұмысы: Балалардың тамақтану мәзірі, азық-түлік өнімдерінің сапасы мен сақталу мерзімі. -Тұрмыстық жағдай: Балалар жататын бөлмелердің тазалығы, көрпе-жастықтардың жайлылығы, жуыну бөлмелері мен ауыз су режимінің сақталуы. -Мәдени-спорттық шаралар: Оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуге арналған үйірмелердің, спорт алаңдарының жұмысымен танысып, лагерь меңгерушісімен сұхбат жүргізді. Балаларды шығарып салу барысында оларға көтеріңкі көңіл-күй, жақсы демалыс және жарқын естеліктер болсын деп тілек білдірген “Жангелдин ауданының білім бөлімі” ММ-нің басшысы Абай Қасымұлы балаларға ақ жол тілеп, жолда қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды, тәртіпті болып, демалысты пайдалы өткізуді тапсырды.» Жазғы демалыс әр баланың жүрегінде жақсы естеліктер қалдырып, жаңа оқу жылына күш-қуат жинауға септігін тигізсін! Барша балаларға сәтті сапар, көтеріңкі көңіл-күй және қызықты демалыс тілейміз! 100 бала – 100 арман, 100 күлкі, 100 бақытты сәт! Ақ жол, жас достар!
https://bb-dzhangeldi.edu.kz/janaliktar-basti-oral/9861-orlenok-sauy-tyru-keshenine-s-t-sapar.html#sigFreeIdac82858216

