07 Қырқ 2026
Жаңалықтар

Бүгін Жангелдин ауданының білім бөлімінің

Бүгін Жангелдин ауданының білім бөлімінің Сарысу негізгі мектебінде болып, алдағы оқу жылына дейін салынатын ұзындығы 30 метр, ені 15 метр болатын жаңа ойын алаңының орнын белгілеп, сызбасын нақтылап қайттық. Сондай-ақ мектептің жаңа оқу жылына дайындығын қарап, атқарылып жатқан жұмыстармен таныстық. Сонымен қатар аталған білім беру ұйымына таза ауыз су өткізілді. Балалардың қауіпсіз әрі қолайлы ортада білім алуы үшін білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады. Жаңа ойын алаңы оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуіне, спортпен шұғылдануына және салауатты өмір салтын қалыптастыруына үлкен мүмкіндік береді.

Пайдалы ақпараттық ресурстар