«Балдырған» балабақшасындағы ағымдағы жұмыс барысы пысықталды. Бүгін білім бөлімінің басшысы Абай Қасымұлы Жангелдин ауданы білім бөлімінің «Балдырған бөбекжайы» КМҚК-не арнайы жұмыс жоспарымен барып, мектепке дейінгі ұйымның ағымдағы тыныс-тіршілігімен және атқарылып жатқан жұмыстармен жан-жақты танысты. Бақылау барысында басшылық тарапынан келесі маңызды мәселелер назарға алынды: Балабақшадағы балалардың даму ортасы, тәрбиешілердің еңбек жағдайлары мен оқу-тәрбие процесінің барысы қаралды. Балалардың тамақтану мәзірі, азық-түлік өнімдерінің сапасы және асхана мен топтардың санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкестігі, тазалығы қатаң тексерілді. Педагогтар мен кіші қызметкерлердің заңды ақылы еңбек демалысына шығу графигі мен оның ұйымдастырылу барысы талқыланды. Ғимаратта жүріп жатқан ағымдағы жөндеу жұмыстарының барысы, сапасы және оның белгіленген мерзімде аяқталу жоспары қаралды. Мекеменің алдағы уақытқа арналған қаржылық жоспарлары мен бюджеттік шығындарының тиімді жұмсалуы сараланды. Бақылау қорытындысы бойынша басшылық тарапынан балабақша жұмысын іркіліссіз ұйымдастыру, санитарлық нормаларды бұлжытпай сақтау және жөндеу жұмыстарын сапалы аяқтау бағытында мекеме әкімшілігіне бірқатар нақты тапсырмалар берілді. Жұмыстың орындалу барысы тікелей бақылауға алынды.


