07 Қырқ 2026
Жаңалықтар

Жангелдин ауданының білім бөлімі мемлекеттік мекемесіне қарасты

Жангелдин ауданының білім бөлімі мемлекеттік мекемесіне қарасты 15 жалпы білім беретін мектепте 2025–2026 оқу жылының қорытындысы бойынша мектеп бітіруші түлектерге аттестат тапсыру салтанаты өтті. Биыл аудан мектептерін 181 түлек тәмамдады. Олардың ішінде 9 оқушы «Алтын белгі» иегері атанса, 17 түлек үздік аттестатқа қол жеткізді. Бұл – оқушылардың табанды еңбегі мен ұстаздардың сапалы білім беру жолындағы қажырлы жұмысының нәтижесі. Салтанатты жиын барысында түлектерге орта білім туралы аттестаттар табысталып, үздік жетістікке жеткен оқушыларға құрмет көрсетілді. Шарада мектеп басшылары, ұстаздар мен ата-аналар түлектерге ізгі тілектерін арнап, олардың алдағы өмір жолында білім мен еңбекті серік етіп, биік белестерді бағындыруына тілектестік білдірді.

Пайдалы ақпараттық ресурстар