100 бала — 100 бақытты сәт! «Орлёнок» сауықтыру кешеніндегі демалыс өз мәресіне жетті! 100 балдырғанымыз табиғат аясында таптырмас уақыт өткізіп, үйлеріне мәз-мейрам болып оралды. Лагерьде не болмады десеңізші?! Сәтті басталған таңғы жаттығулар; Командалық рухты шыңдаған спорттық сайыстар; Шығармашылық байқаулар мен кешкі алау қасындағы әндер; Ең бастысы — шынайы достық пен күлкі! Бұл күндер балалардың есінде ұзақ сақталары сөзсіз. Олар тек демалып қана қоймай, физикалық тұрғыдан ширап, жаңа оқу жылына үлкен серпін алды. Балалардың көзіндегі бақыт ұшқыны — біз үшін ең үлкен марапат!
View the embedded image gallery online at:
https://bb-dzhangeldi.edu.kz/janaliktar-basti-oral/9874-100-bala-100-ba-ytty-s-t.html#sigFreeIdac67bae09c
https://bb-dzhangeldi.edu.kz/janaliktar-basti-oral/9874-100-bala-100-ba-ytty-s-t.html#sigFreeIdac67bae09c

