08 Қырқ 2026
Жаңалықтар

Бүгін Жангелдин ауданының білім бөлімі мемлекеттік

Бүгін Жангелдин ауданының білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің басшысы Абай Қасымұлының төрағалығымен кезекті алқа (кеңес) отырысы өтті. Кеңес отырысында 2025–2026 оқу жылының қорытындылары, мемлекеттік қорытынды аттестаттау емтихандарының өткізілуі, «Алтын белгі» иегерлерін анықтау, білім беру ұйымдарының рейтингтік көрсеткіштері, мемлекеттік аттестаттаудан өтетін мектептер бойынша атқарылған жұмыстар, жалпы оқыту қорының қаражатын тиімді пайдалану мәселелері және білім беру ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бағытындағы жұмыстар қаралды. Отырыс барысында білім сапасын арттыру, ҰБТ-ға дайындықты жетілдіру, дарынды балалармен жұмысты жүйелеу, педагогтердің кәсіби дамуын қолдау, авторлық бағдарламалар мен әдістемелік өнімдерді әзірлеу, сондай-ақ білім беру ұйымдарының қызметін рейтингтік бағалау жүйесін жетілдіру бойынша нақты тапсырмалар мен ұсыныстар берілді. Сонымен қатар, күн тәртібінен тыс 1-сыныпқа қабылдау, ағымдағы жөндеу жұмыстары, мектепке дейінгі ұйымдардағы өзгерістер, педагогтердің пилоттық жобасы, «Үздік педагог» конкурсы және қолданыстағы заңнамалық өзгерістер мәселелері талқыланды. Кеңес соңында Абай Қасымұлы мемлекеттік қызметшілерді және мемлекеттік қызметшілерге теңестірілген тұлғаларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, жауапты қызметтеріне табыс, отбасыларына амандық пен береке тіледі.

Пайдалы ақпараттық ресурстар