Қазақстан Республикасының халықтық Конституциясын ілгерілету бойынша іс-шаралар топтамасы жоспарына сәйкес Жангелдин ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен аудан мектептерінің директорларына Қазақстан Республикасы Конституциясының арнайы басылымдары салтанатты түрде табысталды. Аталған іс-шараның мақсаты – елдің Ата Заңын кеңінен насихаттау, оның қоғам өміріндегі маңызын түсіндіру және білім беру ұйымдары басшыларының құқықтық мәдениетін арттыру. Салтанатты жиында Конституция – Тәуелсіз еліміздің берік тұғыры, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі, мемлекет дамуының басты бағдары екені атап өтілді. Арнайы басылымдар білім беру ұйымдарында құқықтық тәрбие жұмыстарын жүйелі жүргізуге, жас ұрпақтың конституциялық құндылықтарға деген құрметін қалыптастыруға өз үлесін қосады. Жангелдин ауданының білім бөлімі алдағы уақытта да Қазақстан Республикасының Конституциясын насихаттауға бағытталған іс-шараларды жалғастырады.
https://bb-dzhangeldi.edu.kz/janaliktar-basti-oral/9879-atal-an-is-sharany-ma-saty-eldi-ata-za-yn-ke-inen-nasikhattau.html#sigFreeId2eb60baddd

