08 Қырқ 2026
Жаңалықтар

«Әділдік – елдің ар-намысы»

24 маусым – Судьялар мен сот қызметкерлері күніне орай тағылымды іс-шара өтті 2026 жылғы 24 маусым күні Жангелдин ауданы, Торғай ауылында Қазақстан Республикасы сот жүйесінің 30 жылдығына және Судьялар мен сот қызметкерлері күніне арналған «Әділдік – елдің ар-намысы» тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік конференция салтанатты түрде өтті. Іс-шара аясында «Торғай тағылымы: билер мен әділдік» атты көрме ұйымдастырылып, облыстық (өңіраралық) жастар арасындағы бейнелеу және қолданбалы өнер байқауының қорытындысы шығарылды. Байқауға ауданымыздағы педагогикалық ұжымдардан 40-қа жуық туынды ұсынылды. Байқау қорытындысы бойынша І орынды Болат Хамзин атындағы өнер мектебінің ұстазы С. Ерікұлы иеленді. Барлық қатысушыларға дипломдар мен арнайы сыйлықтар табысталды. Конференция барысында Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектептің оқушылары Е. Айтан мен Б. Ержан әділдік пен елдік тақырыбындағы жүрекжарды өлеңдерін оқып, көпшілік ықыласына бөленді. Сонымен қатар, білім бөлімінің әдіскері Сапенов Қанат Марденұлы қазақтың би-шешендік дәстүрі мен елдік мұраттарын арқау еткен Шеген би туралы мазмұнды баяндама жасады. Аталған тағылымды шара – ұлт тарихындағы билер институтының тағылымын дәріптеп, жас ұрпақтың құқықтық сауатын, әділдік пен адалдыққа деген көзқарасын қалыптастыруға бағытталған маңызды басқосу болды.

Пайдалы ақпараттық ресурстар