Жангелдин ауданының білім бөлімінің басшысы Абай Қасымұлы азаматтардың білім алуға конституциялық құқықтарын іске асыру мәселелері бойынша бөлім қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары, азаматтардың сапалы білім алуға деген конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету, сондай-ақ осы бағыттағы жұмыстарды жетілдіру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, білім беру ұйымдарында заң талаптарын сақтау, білімнің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, оқушыларға қолайлы жағдай жасау бағытындағы міндеттерге ерекше назар аударылды. Жиын соңында бөлім басшысы қызметкерлерге алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар бойынша нақты тапсырмалар беріп, білім саласындағы жауапкершілікті күшейту қажеттігін атап өтті.
https://bb-dzhangeldi.edu.kz/janaliktar-basti-oral/9883-kezdesu-barysynda-bilim-beru-salasynda-y-memlekettik-sayasatty-negizgi-ba-yttary.html#sigFreeId990d8e930a

