08 Қырқ 2026
Жаңалықтар

«Таза Қазақстан»

Бүгін, 2026 жылғы 2 шілдеде Қостанай облысы білім басқармасының басшысы А.К. Бегатаровтың төрағалығымен өткізілген аппараттық кеңестің кезекті отырысына қатыстым. Кеңес барысында мектептерді білім беру ұйымдары желісінің мемлекеттік кепілдік берілген нормативіне сәйкестендіру мәселесі қаралды. Сонымен қатар, 2024–2026 жылдар аралығында Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті жүргізген камералдық бақылау нәтижелеріне талдау жасалды. Отырыста жазғы каникул кезеңінде балалардың жазғы демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын тиімді ұйымдастыру, электоралдық кезеңге дайындық жұмыстарын сапалы жүргізу, мектептерде бірыңғай «Адал азамат» дизайн-кодын енгізу жұмыстарын жалғастыру, сондай-ақ «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы іс-шараларды жүйелі орындау бойынша нақты тапсырмалар берілді. Берілген тапсырмаларды сапалы әрі мерзімінде орындау мақсатында Жангелдин ауданының білім бөлімі тарапынан тиісті жұмыстар ұйымдастырылатын болады.

Пайдалы ақпараттық ресурстар