08 Қырқ 2026
Жаңалықтар

Жангелдин ауданынан барлығы 5 оқушы қатысып

2026 жылғы 24 маусым мен 13 шілде аралығында Алматы облысы, Қонаев қаласындағы «Балдаурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында ұйымдастырылған «Дала үні – Домбыра» жас өнерпаздар додасы ауысымына Жангелдин ауданынан барлығы 5 оқушы қатысып, демалып әрі шығармашылық қабілеттерін шыңдап қайтты. Атап айтқанда, Н.Г. Иванов атындағы жалпы білім беретін мектебінен – 3 оқушы, Жармағанбетов атындағы жалпы білім беретін мектебінен – 2 оқушы жолданды. Ауысым барысында оқушылар ұлттық өнерді дәріптеуге бағытталған мәдени-танымдық және шығармашылық іс-шараларға, домбыра өнері бойынша шеберлік сағаттарына, концерттік бағдарламалар мен түрлі зияткерлік, спорттық сайыстарға белсенді қатысты. Сонымен қатар, балалардың сапалы демалысын ұйымдастыруға, олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және патриоттық рухын нығайтуға бағытталған тәрбиелік жұмыстар жүргізілді. Оқушылар көтеріңкі көңіл-күймен, жаңа достар тауып, мол әсер мен тәжірибе жинақтап, ауданға аман-есен оралды.

Пайдалы ақпараттық ресурстар