16 Қырқ 2026
Жаңалықтар

Абай күні — ұлы ақынды еске алатын ғана күн емес

Абай күні — ұлы ақынды еске алатын ғана күн емес, оның ойымен бүгінгі күнді таразылайтын мүмкіндік.
7–10 тамыз күндері Жангелдин ауданының білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарында Абай күніне орай 30-дан астам іс-шара ұйымдастырылды. Сол игі шаралардың бірі — орталық саябақта өткен «Абаймен сырласу» әдеби-танымдық кездесуі. Іс-шара «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында ұйымдастырылып, оқушыларды кітап оқуға, ойлануға және өз пікірін еркін жеткізуге үндеді. Саябақтағы кездесуде оқушылар Абайдың өлеңдері мен шығармаларын оқып, ақынның терең ойларына үңілді. «Абай бүгін өмір сүрсе, не жазар еді?» — деген сұрақ төңірегінде ой бөлісіп, ұлы ақынның идеяларын қазіргі заманмен байланыстырды. Ал «Талап қыл» ұғымының мәнін ашу барысында оқушылар талаптың жай ғана мақсат қою емес, іздену, еңбек ету, білімге ұмтылу, өзін жетілдіру екенін өз көзқарастарымен жеткізді. Бұл — дайын жауапты қайталау емес, Абай сөзін түсініп, оны бүгінгі өмірмен байланыстыруға жасалған қадам. Абайдың шығармалары ғасырлар өтсе де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Себебі оның көтерген мәселелері — білім, еңбек, талап, адамгершілік, уақыт пен жауапкершілік — бүгінгі жас үшін де маңызды.
Абайды оқу — өткенді тану. Абай
Пайдалы ақпараттық ресурстар