16 Қырқ 2026
Жаңалықтар

Жаңа басшыға – жаңа міндет!

Облыс әкімінің 17 тамыздағы №245 қаулысымен Жангелдин ауданында «Жас өркен» балалар шығармашылық үйін ашу туралы шешім қабылданған болатын.Бүгін Жангелдин ауданының білім бөлімінің басшысы Абай Қасымұлы Сейілхан Алмас Сапиұлын «Жас өркен» балалар шығармашылық үйінің директоры қызметіне тағайындады. Алмас Сапиұлы бұған дейін ауданымыздың білім беру саласында еңбек етіп, өнер мектебінде абыройлы қызмет атқарды. Жинақтаған тәжірибесі мен шығармашылық саладағы еңбегі жаңа білім беру ұйымының жұмысын жүйелі жолға қоюға септігін тигізеді деп сенеміз. «Жас өркен» балалар шығармашылық үйі аудан балаларының қабілетін шыңдап, шығармашылығын дамытуға, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік беретін жаңа орталық болмақ. Алмас Сапиұлын жаңа қызметімен құттықтай отырып, жауапты жұмысына табыс, тың бастамаларына сәттілік тілейміз! «Жас өркеннің» қадамы құтты, жұмысы жемісті болсын!
Пайдалы ақпараттық ресурстар