Жангелдин ауданының білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық жұмыстар ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлерімен тұрақты түрде жүргізіледі.
2026 жылғы 22 шілдеде Білім бөлімінің басшысы А. Қасымның төрағалығымен білім бөлімінің есепші қызметкерлерімен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабында көзделген кепілдіктерді қолдану тәртібін түсіндіру бойынша өзекті мәселелер талқыланып, жеке еңбек дауы туындаған жағдайда алдын алу шаралары бойынша әңгімелесу жүргізілді.
Жиналыс барысында жеке еңбек дауы туындаған жағдайда келісу комиссиясы немесе өзге де алқалы орган қарағанға дейін ұйымда тіркелген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдем көрсеткен адамдардың еңбек не қызметтік мәртебесін жұмыс берушінің өзгертуіне байланысты алдын алу шаралары түсіндірілді.
Жангелдин ауданының білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы хабарланған ақпараттар болған жоқ. Сондай-ақ 2026 жылдың 1–2 тоқсанында келісу комиссиясына еңбек даулары келіп түскен жоқ.
https://bb-dzhangeldi.edu.kz/janaliktar-basti-oral/9897-sybajlas-zhem-orly-a-arsy-is-imyl-turaly.html#sigFreeId1f1bcf25f3

