Біздің Торғай» газетінің 2026 жылғы 28 тамыздағы №31 санында дәстүрлі тамыз кеңесі туралы «Дәстүрлі тамыз кеңесінде» атты мақала жарық көрді.
Мақалада жаңа оқу жылы қарсаңында өткен аудандық тамыз кеңесі, білім саласындағы маңызды міндеттер мен басым бағыттар, сондай-ақ ұстаздардың еңбегін бағалау мен марапаттау сәттері қамтылған.
Ауданымыздың білім саласындағы жаңалықтары мен жетістіктерінің баспасөз бетінде жариялануы – атқарылып жатқан жұмыстарды көпшілікке танытудың маңызды бір бөлігі.


