Жаңа оқу жылына – жаңа міндеттер мен жаңа мүмкіндіктер
2026 жылғы 20 тамызда «Жангелдин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қасым Абай Қасымұлының төрағалығымен аудандық тамыз кеңесі аясында білім беру ұйымдарының директорлары мен педагогтерінің қатысуымен «Жаңа халықтық Конституцияның нормалары мен құндылықтары: адами капиталды дамыту – білім беру жүйесінің стратегиялық негізі» тақырыбында секция отырысы өткізілді.
Секция жұмысына Жангелдин ауданы әкімінің орынбасары Алматов Еренбол Қайырбекұлы қатысып, аудан педагогтерін жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, шығармашылық табыс, еңбектеріне береке, шәкірттеріне биік жетістіктер тіледі.
Сондай-ақ Жангелдин ауданы білім бөлімінің басшысы Қасым Абай Қасымұлы педагогтерге алдағы оқу жылына сәттілік тілеп, білім беру жүйесінің алдында тұрған басым міндеттерді атап өтті. Жаңа оқу жылында білім сапасын арттыру, педагогтердің кәсіби дамуын қолдау, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану, оқушылардың қауіпсіздігі мен тәрбиесіне ерекше мән беру қажеттігін атап көрсетті.
Секция отырысы барысында 2025–2026 оқу жылының қорытындысы бойынша өткізілген Ұлттық бірыңғай тестілеу-2026 нәтижелеріне талдау жасалып, алдағы кезеңде білім сапасын арттыру бойынша нақты міндеттер айқындалды.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «2026–2027 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатының жобасы таныстырылып, жаңа оқу жылындағы білім беру процесін ұйымдастырудың негізгі бағыттары түсіндірілді.
Бұдан бөлек, педагогтердің оқу жүктемесін тиімді жоспарлау және жаңа оқу жылына тарификацияны талаптарға сәйкес рәсімдеу бойынша тиісті нұсқаулықтар берілді.
Жаңа оқу жылы – жаңа мақсаттар мен жаңа жауапкершілік кезеңі. Ауданымыздың барша педагогтеріне шығармашылық ізденіс, кәсіби жетістік, мықты денсаулық және шәкірттерінің биік белестерін көру бақыты тілейміз!
Жаңа оқу жылы жарқын жетістіктерге толы болсын!
https://bb-dzhangeldi.edu.kz/janaliktar-basti-oral/9900-zha-a-o-u-zhylyna-zha-a-mindetter-men-zha-a-m-mkindikter.html#sigFreeIda493d5dbf4

