Тамыз кеңесі: жаңа оқу жылына – жаңа серпін!
Тамыз кеңесінің алғашқы күні педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасып, жаңа оқу жылының бағыт-бағдарын айқындайтын мазмұнды алаңға айналды.
Секциялық жұмыстар барысында әр бағыт бойынша 2026–2027 оқу жылының басымдықтары талқыланып, білім сапасын арттыру, педагогтің кәсіби әлеуетін күшейту, заманауи тәжірибелерді білім беру үдерісіне енгізу мәселелері ортаға салынды. Үздік спикерлер өз тәжірибелерін ұсынып, нәтижелі жұмыс үлгілерімен бөлісті.
Бұл күннің басты құндылығы – бір ортаға жиналған ұстаздардың ортақ мақсат, жаңа идея және кәсіби ізденіс төңірегінде тоғысуы болды.
Секция жұмыстарының өту барысымен аудан әкімінің орынбасары Алматов Еренбол Қайырбекұлы және аудандық білім бөлімінің басшысы Қасым Абай Қасымұлы танысып, педагогтермен жүздесті. Олар ұстаздарға жаңа оқу жылында сәттілік тілеп, жауапты еңбектеріне табыс тіледі.
Жаңа оқу жылы – жаңа мүмкіндік.
Жаңа міндет – жаңа ізденіс.
Ал әрбір жетістіктің бастауында білімді де білікті ұстаз тұр!
Құрметті әріптестер! Алдымыздағы оқу жылы кәсіби өсуге, тың бастамаларға, нәтижелі еңбекке толы болсын! Әр сабағымыз шәкіртке білім ғана емес, сенім мен жігер, мақсат пен мүмкіндік сыйласын.
Бірлігіміз бекем, ізденісіміз үздіксіз, еңбегіміз нәтижелі болсын!
Жаңа оқу жылына – жаңа серпінмен!
https://bb-dzhangeldi.edu.kz/janaliktar-basti-oral/9901-tamyz-ke-esi-zha-a-o-u-zhylyna-zha-a-serpin.html#sigFreeId9cae2df439

