Жангелдин ауданында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, өскелең ұрпақтың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған жұмыстар жүйелі жалғасуда.
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында білім беру ұйымдарында экологиялық жобалар, байқаулар мен түрлі тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылып, оқушылар қоршаған ортаны қорғауға белсенді атсалысуда.
Аудандық «Pro Eco» экологиялық жобасы да балалардың табиғатты аялау, тазалықты сақтау және экологиялық мәселелерге жауапкершілікпен қарау дағдыларын дамытуға мүмкіндік беруде.
Осы бағыттағы жұмыстар туралы «Тәрбиелік мәні зор жоба» атты мақалада кеңінен баяндалған.
Таза орта – тазалықтан, ал тазалық саналы көзқарастан басталады.
Таза Қазақстан – таза ауладан, таза ауданнан, таза санадан басталады!


