2026 жылғы 19 наурызда "Жангелдин ауданының білім бөлімі" ММ басшысы Қасым Абай Қасымұлының төрағалығымен ZOOM форматында білім беру ұйымдарының басшыларымен аппараттық жиналыс өткізілді.
Білім бөлімінің жоспарына сәйкес аппараттық жиналыс отырысында ең басты мәселе жалпы орта білім туралы "Алтын белгі", үздік аттестатқа үміткерлермен дайындық жұмыстарын жүргізу, "Оқитын ұлт" жобасы аясындағы өтіп жатқан кезеңдер бойынша жұмыстар және мектепке дейінгі ұйымдардың қызметі.


Қазақстанда Наурыз мерекесінің жаңа тұжырымдамасы аясында 15 наурыз «Қайырымдылық күні» болып белгіленді.

Тұжырымдамаға сәйкес, бұл күн мейірімділікке, тату көршілікке, волонтерлікке арналады. Сондай - ақ мейірім танытуға, көмек пен қамқорлық көрсетуге, қайырымдылық іс - шараларын өткізуге ерекше назар аударылады.

Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында, мемлекеттік қызметтің волонтерлері және басқа да тұлғалардың қатысуымен жалпыадамзаттық құндылықтарды дамытуға бағытталған іс - шараларды ұйымдастыру болып табылады.

Осы жаңа тұжырымдама аясында 2026 жылғы 15 наурызда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жангелдин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қасым Абай Қасымұлының қатысуымен қайырымдылық жасау іс - шаралары өткізілді.

13 Қаң 2026
Жетістіктер

2025 жылдың 10 қазан күні Қостанай қаласының №9 "Ғ.Қайырбеков атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ- де "Ақберен" байқауының облыстық кезеңі өтті.

Облыстық кезеңге "Шешендік,білгірлік сайысы", "Көркемсөз оқу" ,"Эссе жазу", " Ұлттық аспапта өнер көрсету","Ақындар айтысы", "Ақындар мүшәйрасы" номинациялары бойынша аудандық кезеңнен жүлдегер атанған 6 оқушы : Ы.Алтынсарин ЖББМ -нен Айтан Ерболат 11-сынып оқушысы, Бахытжан Ержан 11-сынып оқушысы, Бұқарбай Айару 11 - сынып оқушысы және 9-сынып оқушысы Орманбек Жанбота, Ш.Уәлиханов ЖББМ-нен Ниязбек Таңжарық, Серікбол Мадина қатынасты. 6 оқушының 4-еуі 1-орын, 2 оқушы 2- орын жүлдегері атанды. Ақмола облысындағы "Балдәурен" сауықтыру орталығында өтетін республикалық кезеңге Ы.Алтынсарин ЖББМ-нен Бұқарбай Айару,Бахытжан Ержан,9-сынып оқушысы Орманбек Жанбота,Ш.Уәлиханов ЖББМ-нен 11-сынып оқушысы Ниязбек Таңжарық қатынасады. Айтен Ерболат пен Серікбол Мадина 2- орын иеленді. Республикалық кезеңге жолдама алған оқушыларға тек сәттілік тілейміз!

Пайдалы ақпараттық ресурстар