13 Қаң 2026
Жетістіктер

“Дарынды балаларға - талантты ұстаз” байқауы

2025 жылдың 16 қазан күні “Дарынды балаларға – талантты ұстаз” атты республикалық педагогикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өткізілді. Байқауға еңбек өтілі 5 жылға дейінгі 10 жас педагог қатысты. Нәтижесінде 6 педагог жүлделі 1, 2, 3 орындарды иеленді.

Байқаудың мақсаты – жас педагогтардың шығармашылық әлеуетін арттыру, кәсіби шеберлігін шыңдау және өзін-өзі дамытуға жағдай жасау, сондай-ақ білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған жас мұғалімдердің белсенді кәсіби ұстанымын қалыптастыру болып табылады.

Байқау қорытындысы төмендегідей:

1-орын: “Ш.Уәлиханов ЖББМ”-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кенжеғали Сымбат.

2-орын:“С.Мауленов ЖББМ”-нің химия пәні мұғалімі Үсенбай Аида және “Амангелді ЖББМ”-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жақсылық Сәнімгүл.

3-орын:“Ы.Алтынсарин ЖББМ”-нің ағылшын тілі пәні мұғалімі Амишева Дильназ, “А.Байтұрсынов ЖББМ”-нің информатика пәні мұғалімі Сулайманова Элнура, “Қ.Жармағанбетов ЖББМ”-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бейсенбай Гаухар.

Барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталды.

1-орын иегері Кенжеғали Сымбат қараша айында өтетін облыстық кезеңге жолдама алды.

Пайдалы ақпараттық ресурстар