2026 жылғы 19 наурызда "Жангелдин ауданының білім бөлімі" ММ басшысы Қасым Абай Қасымұлының төрағалығымен ZOOM форматында білім беру ұйымдарының басшыларымен аппараттық жиналыс өткізілді.
Білім бөлімінің жоспарына сәйкес аппараттық жиналыс отырысында ең басты мәселе жалпы орта білім туралы "Алтын белгі", үздік аттестатқа үміткерлермен дайындық жұмыстарын жүргізу, "Оқитын ұлт" жобасы аясындағы өтіп жатқан кезеңдер бойынша жұмыстар және мектепке дейінгі ұйымдардың қызметі.


Қазақстанда Наурыз мерекесінің жаңа тұжырымдамасы аясында 15 наурыз «Қайырымдылық күні» болып белгіленді.

Тұжырымдамаға сәйкес, бұл күн мейірімділікке, тату көршілікке, волонтерлікке арналады. Сондай - ақ мейірім танытуға, көмек пен қамқорлық көрсетуге, қайырымдылық іс - шараларын өткізуге ерекше назар аударылады.

Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында, мемлекеттік қызметтің волонтерлері және басқа да тұлғалардың қатысуымен жалпыадамзаттық құндылықтарды дамытуға бағытталған іс - шараларды ұйымдастыру болып табылады.

Осы жаңа тұжырымдама аясында 2026 жылғы 15 наурызда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жангелдин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қасым Абай Қасымұлының қатысуымен қайырымдылық жасау іс - шаралары өткізілді.

15 Қаң 2026
Жетістіктер

"Ауыл спорты -2025" облыстық турнирі 2025 жылдың 6-9 қазан күндері Қостанай қаласында

"Ауыл спорты -2025" облыстық турнирі 2025 жылдың 6-9 қазан күндері Қостанай қаласында стол теннисі (ұл,қыз), шахмат (ұл, қыз) және волейбол (ұл,қыз) Жангелдин ауданы командасы қатысып, жақсы нәтижелерге жетті.

Стол теннисінен 2015 жылғылар арасынан , Шұбалаң негізгі мектебі оқушылары Мирас Рамазан және қыз балалар арасында Ерікқызы Айзере 2-орынды жеңіп алды.

Ал шахмат спортынан 2015- жылғылар арасында Н.Г.Иванов мектебі оқушысы Сапабек Нұрмұхамед 3-орынды, 2011 жылғылар қыз балалар арасында Жангелдин жббм оқушысы Қойшан Аяжан 3-орынды жеңіп алды.

Стол теннисінен даярлаған Шұбалаң негізгі мектебі дкне тәрбиесі пәні мұғалімі Омаров Өмірған " Үздік жаттықтырушы" номинациясына ие болды.

Пайдалы ақпараттық ресурстар