2026 жылғы 19 наурызда "Жангелдин ауданының білім бөлімі" ММ басшысы Қасым Абай Қасымұлының төрағалығымен ZOOM форматында білім беру ұйымдарының басшыларымен аппараттық жиналыс өткізілді.
Білім бөлімінің жоспарына сәйкес аппараттық жиналыс отырысында ең басты мәселе жалпы орта білім туралы "Алтын белгі", үздік аттестатқа үміткерлермен дайындық жұмыстарын жүргізу, "Оқитын ұлт" жобасы аясындағы өтіп жатқан кезеңдер бойынша жұмыстар және мектепке дейінгі ұйымдардың қызметі.


Қазақстанда Наурыз мерекесінің жаңа тұжырымдамасы аясында 15 наурыз «Қайырымдылық күні» болып белгіленді.

Тұжырымдамаға сәйкес, бұл күн мейірімділікке, тату көршілікке, волонтерлікке арналады. Сондай - ақ мейірім танытуға, көмек пен қамқорлық көрсетуге, қайырымдылық іс - шараларын өткізуге ерекше назар аударылады.

Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында, мемлекеттік қызметтің волонтерлері және басқа да тұлғалардың қатысуымен жалпыадамзаттық құндылықтарды дамытуға бағытталған іс - шараларды ұйымдастыру болып табылады.

Осы жаңа тұжырымдама аясында 2026 жылғы 15 наурызда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жангелдин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қасым Абай Қасымұлының қатысуымен қайырымдылық жасау іс - шаралары өткізілді.

15 Қаң 2026
Жетістіктер

2025 жылдың 16 қазан күні “Дарынды балаларға - талантты ұстаз” атты республикалық педагогикалық олимпиаданың

2025 жылдың 16 қазан күні “Дарынды балаларға - талантты ұстаз” атты республикалық педагогикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өтті. Байқауға 10 жас педагог қатысып, өздерінің кәсіби біліктілігі мен шығармашылық әлеуетін көрсетті. Нәтижесінде “Ш.Уәлиханов ЖББМ” қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кенжеғали Сымбат І орынды иеленді. Енді ол қараша айында өтетін облыстық кезеңде аудан намысын қорғайды.

Сымбатқа сәттілік пен жарқын жеңіс тілейміз!

Пайдалы ақпараттық ресурстар