2026 жылғы 19 наурызда "Жангелдин ауданының білім бөлімі" ММ басшысы Қасым Абай Қасымұлының төрағалығымен ZOOM форматында білім беру ұйымдарының басшыларымен аппараттық жиналыс өткізілді.
Білім бөлімінің жоспарына сәйкес аппараттық жиналыс отырысында ең басты мәселе жалпы орта білім туралы "Алтын белгі", үздік аттестатқа үміткерлермен дайындық жұмыстарын жүргізу, "Оқитын ұлт" жобасы аясындағы өтіп жатқан кезеңдер бойынша жұмыстар және мектепке дейінгі ұйымдардың қызметі.


Қазақстанда Наурыз мерекесінің жаңа тұжырымдамасы аясында 15 наурыз «Қайырымдылық күні» болып белгіленді.

Тұжырымдамаға сәйкес, бұл күн мейірімділікке, тату көршілікке, волонтерлікке арналады. Сондай - ақ мейірім танытуға, көмек пен қамқорлық көрсетуге, қайырымдылық іс - шараларын өткізуге ерекше назар аударылады.

Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында, мемлекеттік қызметтің волонтерлері және басқа да тұлғалардың қатысуымен жалпыадамзаттық құндылықтарды дамытуға бағытталған іс - шараларды ұйымдастыру болып табылады.

Осы жаңа тұжырымдама аясында 2026 жылғы 15 наурызда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жангелдин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қасым Абай Қасымұлының қатысуымен қайырымдылық жасау іс - шаралары өткізілді.

15 Қаң 2026
Жетістіктер

“Дарынды балаларға - талантты ұстаз” байқауы

“Дарынды балаларға - талантты ұстаз” байқауы


2025 жылдың 16 қазан күні “Дарынды балаларға - талантты ұстаз” атты республикалық педагогикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өткізілді. Байқауға еңбек өтілі 5 жылға дейінгі 10 жас педагог қатысты. Нәтижесінде 6 педагог жүлделі 1, 2, 3 орындарды иеленді.


Байқаудың мақсаты - жас педагогтардың шығармашылық әлеуетін арттыру, кәсіби шеберлігін шыңдау және өзін-өзі дамытуға жағдай жасау, сондай-ақ білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған жас мұғалімдердің белсенді кәсіби ұстанымын қалыптастыру болып табылады.


Байқау қорытындысы төмендегідей:

1-орын: “Ш.Уәлиханов ЖББМ”-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кенжеғали Сымбат.

2-орын:“С.Мауленов ЖББМ”-нің химия пәні мұғалімі Үсенбай Аида және “Амангелді ЖББМ”-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жақсылық Сәнімгүл.

3-орын:“Ы.Алтынсарин ЖББМ”-нің ағылшын тілі пәні мұғалімі Амишева Дильназ, “А.Байтұрсынов ЖББМ”-нің информатика пәні мұғалімі Сулайманова Элнура, “Қ.Жармағанбетов ЖББМ”-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бейсенбай Гаухар.


Барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталды.

1-орын иегері Кенжеғали Сымбат қараша айында өтетін облыстық кезеңге жолдама алды.

Пайдалы ақпараттық ресурстар