2026 жылғы 19 наурызда "Жангелдин ауданының білім бөлімі" ММ басшысы Қасым Абай Қасымұлының төрағалығымен ZOOM форматында білім беру ұйымдарының басшыларымен аппараттық жиналыс өткізілді.
Білім бөлімінің жоспарына сәйкес аппараттық жиналыс отырысында ең басты мәселе жалпы орта білім туралы "Алтын белгі", үздік аттестатқа үміткерлермен дайындық жұмыстарын жүргізу, "Оқитын ұлт" жобасы аясындағы өтіп жатқан кезеңдер бойынша жұмыстар және мектепке дейінгі ұйымдардың қызметі.


Қазақстанда Наурыз мерекесінің жаңа тұжырымдамасы аясында 15 наурыз «Қайырымдылық күні» болып белгіленді.

Тұжырымдамаға сәйкес, бұл күн мейірімділікке, тату көршілікке, волонтерлікке арналады. Сондай - ақ мейірім танытуға, көмек пен қамқорлық көрсетуге, қайырымдылық іс - шараларын өткізуге ерекше назар аударылады.

Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында, мемлекеттік қызметтің волонтерлері және басқа да тұлғалардың қатысуымен жалпыадамзаттық құндылықтарды дамытуға бағытталған іс - шараларды ұйымдастыру болып табылады.

Осы жаңа тұжырымдама аясында 2026 жылғы 15 наурызда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жангелдин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қасым Абай Қасымұлының қатысуымен қайырымдылық жасау іс - шаралары өткізілді.

26 Қаң 2026
Жетістіктер

"Үздік авторлық бағдарлама" облыстық конкурсы

"Үздік авторлық бағдарлама" облыстық конкурсы

2025 жылдың 28 қазан күні "Үздік авторлық бағдарлама" конкурсының облыстық кезеңі өткізілді. Аталған байқауға Жангелдин ауданынан 5 мұғалім қатысып, олардың ішінде 2 педагог жоғары нәтиже көрсетті.

Байқаудың мақсаты - пәндер бойынша таңдау, арнайы және элективті курстардың, оқу пәндерінің авторлық бағдарламаларын әзірлейтін үздік мұғалімдердің тәжірибесін айқындау және тарату болып табылады.

Нәтижесінде:

"Бастауыш мектеп, мектепке дейінгі білім" бағыты бойынша - Қ.Жармағанбетов жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Муқышева Самал ІІІ орынға ие болды.

"Қоғамдық - гуманитарлық бағыттағы пәндер" бойынша - Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Ғалымқұлова Ақтоты "Практикада тиімді қолдану" номинациясын иеленді.

Жеңімпаздар мен қатысушыларды құттықтай отырып, шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!

Пайдалы ақпараттық ресурстар