2026 жылғы 19 наурызда "Жангелдин ауданының білім бөлімі" ММ басшысы Қасым Абай Қасымұлының төрағалығымен ZOOM форматында білім беру ұйымдарының басшыларымен аппараттық жиналыс өткізілді.
Білім бөлімінің жоспарына сәйкес аппараттық жиналыс отырысында ең басты мәселе жалпы орта білім туралы "Алтын белгі", үздік аттестатқа үміткерлермен дайындық жұмыстарын жүргізу, "Оқитын ұлт" жобасы аясындағы өтіп жатқан кезеңдер бойынша жұмыстар және мектепке дейінгі ұйымдардың қызметі.


Қазақстанда Наурыз мерекесінің жаңа тұжырымдамасы аясында 15 наурыз «Қайырымдылық күні» болып белгіленді.

Тұжырымдамаға сәйкес, бұл күн мейірімділікке, тату көршілікке, волонтерлікке арналады. Сондай - ақ мейірім танытуға, көмек пен қамқорлық көрсетуге, қайырымдылық іс - шараларын өткізуге ерекше назар аударылады.

Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында, мемлекеттік қызметтің волонтерлері және басқа да тұлғалардың қатысуымен жалпыадамзаттық құндылықтарды дамытуға бағытталған іс - шараларды ұйымдастыру болып табылады.

Осы жаңа тұжырымдама аясында 2026 жылғы 15 наурызда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жангелдин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қасым Абай Қасымұлының қатысуымен қайырымдылық жасау іс - шаралары өткізілді.

26 Қаң 2026
Жетістіктер

«Еркеназ» би тобы облыстық байқауда жүлделі ІІ орын иеленді

2025 жылдың 31 қазан күні өткен «Болашақ» облыстық хореографиялық бишілер байқауында Болат Хамзин атындағы өнер мектебінің «Еркеназ» үлгілі би тобы тамаша өнер көрсетіп, ІІ орынға ие болды.

Бұл байқау жас таланттардың шығармашылық қабілетін шыңдап, би өнеріне деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталған маңызды мәдени шара болды.

«Еркеназ» би тобының өнерпаздары би мәдениетін, сахналық шеберлікті және үйлесімді орындаушылықты жоғары деңгейде көрсете білді. Өздерінің ерекше таланты мен әсерлі би қимылдары арқылы көрермендер мен қазылар алқасының зор ықыласына бөленді.

Өнер мектебінің ұжымы тәрбиеленушілерінің бұл жетістігін зор мақтанышпен атап өтіп, алдағы уақытта да жаңа белестер мен жеңістерге жететініне сенім білдіреді.

Пайдалы ақпараттық ресурстар