2026 жылғы 19 наурызда "Жангелдин ауданының білім бөлімі" ММ басшысы Қасым Абай Қасымұлының төрағалығымен ZOOM форматында білім беру ұйымдарының басшыларымен аппараттық жиналыс өткізілді.
Білім бөлімінің жоспарына сәйкес аппараттық жиналыс отырысында ең басты мәселе жалпы орта білім туралы "Алтын белгі", үздік аттестатқа үміткерлермен дайындық жұмыстарын жүргізу, "Оқитын ұлт" жобасы аясындағы өтіп жатқан кезеңдер бойынша жұмыстар және мектепке дейінгі ұйымдардың қызметі.


Қазақстанда Наурыз мерекесінің жаңа тұжырымдамасы аясында 15 наурыз «Қайырымдылық күні» болып белгіленді.

Тұжырымдамаға сәйкес, бұл күн мейірімділікке, тату көршілікке, волонтерлікке арналады. Сондай - ақ мейірім танытуға, көмек пен қамқорлық көрсетуге, қайырымдылық іс - шараларын өткізуге ерекше назар аударылады.

Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында, мемлекеттік қызметтің волонтерлері және басқа да тұлғалардың қатысуымен жалпыадамзаттық құндылықтарды дамытуға бағытталған іс - шараларды ұйымдастыру болып табылады.

Осы жаңа тұжырымдама аясында 2026 жылғы 15 наурызда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жангелдин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қасым Абай Қасымұлының қатысуымен қайырымдылық жасау іс - шаралары өткізілді.

24 Ақп 2026
Жетістіктер

«ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ» — ЖАРҚЫН ЖЕҢІС!

2026 жылдың 9 ақпан күні Ш.Уәлиханов атындағы Торғай жалпы білім беретін мектебінің базасында 7–11 сынып оқушылары арасында өткен республикалық «Жарқын болашақ» олимпиадасының аудандық кезеңі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Олимпиаданың негізгі мақсаты — мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту, қазақ тілі мен әдебиеті бойынша дарынды оқушыларды анықтау және қолдау көрсету. Олимпиаданың аудандық кезеңіне аудан мектептерінен 33 оқушы қатысып, олардың 17-сі жүлделі І, ІІ, ІІІ орындарға ие болды. Қатысушылар білімдерімен қатар, шығармашылық қабілеттері мен тілдік шеберліктерін көрсете білді. 5 номинация бойынша жүлделі І орын иегерлері облыстық кезеңге жолдама алды. Олар: Қапенов Даулет (Қ.Қайдосов атындағы ЖББМ, жетекшісі Махатов Ерік), Шортанбай Жаннұр (Жангелді ЖББМ, жетекшісі Бекенова Индира), Түйебай Сабина (М.Дулатов атындағы ЖББМ, жетекшісі Баекина Майра), Молжігіт Жанболат (Ы.Алтынсарин атындағы ЖББМ, жетекшісі Серікбаева Асем), Қабжалел Мадина (Ы.Алтынсарин атындағы ЖББЬ, жетекшісі Бекетова Елугүл). Барша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз! Облыстық кезеңде де сәттілік пен жарқын жеңіс тілейміз!

Пайдалы ақпараттық ресурстар