2026 жылғы 19 наурызда "Жангелдин ауданының білім бөлімі" ММ басшысы Қасым Абай Қасымұлының төрағалығымен ZOOM форматында білім беру ұйымдарының басшыларымен аппараттық жиналыс өткізілді.
Білім бөлімінің жоспарына сәйкес аппараттық жиналыс отырысында ең басты мәселе жалпы орта білім туралы "Алтын белгі", үздік аттестатқа үміткерлермен дайындық жұмыстарын жүргізу, "Оқитын ұлт" жобасы аясындағы өтіп жатқан кезеңдер бойынша жұмыстар және мектепке дейінгі ұйымдардың қызметі.


Қазақстанда Наурыз мерекесінің жаңа тұжырымдамасы аясында 15 наурыз «Қайырымдылық күні» болып белгіленді.

Тұжырымдамаға сәйкес, бұл күн мейірімділікке, тату көршілікке, волонтерлікке арналады. Сондай - ақ мейірім танытуға, көмек пен қамқорлық көрсетуге, қайырымдылық іс - шараларын өткізуге ерекше назар аударылады.

Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында, мемлекеттік қызметтің волонтерлері және басқа да тұлғалардың қатысуымен жалпыадамзаттық құндылықтарды дамытуға бағытталған іс - шараларды ұйымдастыру болып табылады.

Осы жаңа тұжырымдама аясында 2026 жылғы 15 наурызда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жангелдин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қасым Абай Қасымұлының қатысуымен қайырымдылық жасау іс - шаралары өткізілді.

24 Ақп 2026
Жетістіктер

Мектеп оқушыларының қысқы гимназиадасы Н.Г.Иванов мектебі базасында 9-10 ақпан күндері өткізілді.

Мектеп оқушыларының қысқы гимназиадасы Н.Г.Иванов мектебі базасында 9-10 ақпан күндері өткізілді.
Мектептер спорттың шаңғы (ерлер және қыздар) командалары, президенттік көпсайыс (ерлер және қыздар) командалары және эстафета (ерлер және қыздар) арасында жарысқа шықты. Шаңғы спортынан ерлер және қыздар арасында 1 -орынды Қаратүбек мектебі оқушылары, 2- орынды ерлер және қыздар арасында Ы.Алтынсарин мектебі оқушылары, 3-орынды ерлер арасында Қ.Қайдосов мектебі оқушылары , ал қыздар арасында Ғ.Қайырбеков мектебі командалары жеңіп алды.
Президенттік көпсайыстан 1- орынды ерлер арасында Ы.Алтынсарин мектебі, қыздар арасында Қаратүбек мектебі,
2-орынды ерлер арасында Қаратүбек мектебі, қыздвр арасында Ы.Алтынсарин мектебі, 3-орынды ерлер және қыздар арасында Жангелдин мектебі жеңіп алды.
Эстафетадан ерлер және қыздар арасында Қаратүбек мектебі 1-орынды, 2- орынды ерлер және қыздар арасында Ы.Алтынсарин мектебі , 3-орынды ерлер және қыздар арасында Ғ.Қайырбеков мектептері жеңіп алды.
Жалпы командалық есепте 128-ұпай жинаған Қаратүбек мектебі оқушылары 1-орынды, 122 -ұпай жинаған Ы.Алтынсарин мектебі 2-орынды, 96 -ұпай жинаған Ғ.Қайырбеков мектебі 3-орынды жеңіп алды .Жеңімпаз оқушылар , 1,2,3 дәрежелі грамоталармен , медалдармен,
Кубоктармен марапатталды.

Пайдалы ақпараттық ресурстар