2026 жылғы 19 наурызда "Жангелдин ауданының білім бөлімі" ММ басшысы Қасым Абай Қасымұлының төрағалығымен ZOOM форматында білім беру ұйымдарының басшыларымен аппараттық жиналыс өткізілді.
Білім бөлімінің жоспарына сәйкес аппараттық жиналыс отырысында ең басты мәселе жалпы орта білім туралы "Алтын белгі", үздік аттестатқа үміткерлермен дайындық жұмыстарын жүргізу, "Оқитын ұлт" жобасы аясындағы өтіп жатқан кезеңдер бойынша жұмыстар және мектепке дейінгі ұйымдардың қызметі.


Қазақстанда Наурыз мерекесінің жаңа тұжырымдамасы аясында 15 наурыз «Қайырымдылық күні» болып белгіленді.

Тұжырымдамаға сәйкес, бұл күн мейірімділікке, тату көршілікке, волонтерлікке арналады. Сондай - ақ мейірім танытуға, көмек пен қамқорлық көрсетуге, қайырымдылық іс - шараларын өткізуге ерекше назар аударылады.

Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында, мемлекеттік қызметтің волонтерлері және басқа да тұлғалардың қатысуымен жалпыадамзаттық құндылықтарды дамытуға бағытталған іс - шараларды ұйымдастыру болып табылады.

Осы жаңа тұжырымдама аясында 2026 жылғы 15 наурызда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жангелдин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қасым Абай Қасымұлының қатысуымен қайырымдылық жасау іс - шаралары өткізілді.

24 Ақп 2026
Жетістіктер

Шәкәрім оқулары

2026 жылдың 12 ақпан күні Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің базасында мектеп оқушыларының республикалық «Шәкәрім оқулары» конкурсының аудандық кезеңі өтті. Республикалық «Шәкәрім оқуларының» мақсаты: Шәкәрім шығармаларын насихаттау, мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, табиғи дарынын анықтау, оқушылардың әдебиетке деген құштарлығын арттыру. Байқауға аудан мектептерінің 5-8 сыныптарынан 12 оқушы қатынасты. Байқау қорытындысы бойынша 1- орынды Аманкелді жалпы білім беретін мектебінің 6 сынып оқушысы Жақсылық Бақтылы, /жетекшісі Жақсылық Сәнімгүл/ иеленіп,облыстық кезеңге жолдама алды. Жүлделі 2 орын Шұбалаң негізгі орта мектебінің оқушысы Ерік Айзере/жетекшісі: Махина Зоя/ пен Қайырбеков жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Бақытбек Айсана /жетекшісі: Мукашева Фарида/, 3 орынды А.Қоңқабаев жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Балтабай Бекарыс /жетекшісі: Қоңқабаев Мейрамғали/ иеленді. Барша байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз! Облыстық кезеңге өткен оқушымыз Бақтылыға жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, биік белестерді бағындыруына тілектеспіз!

Пайдалы ақпараттық ресурстар