Сіздерді Тобыл Еслямғалиұлы Дәулетбаев атындағы «Өскелең ұрпақтың интеллектуалдық әлеуеті - Қазақстанның табысты индустриялық-инновациялық дамуының кепілі» атты XIII өңірлік ғылыми-практикалық байқау аясында қол жеткізген зор жетістіктеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
2026 жылдың 14 ақпан күні өткен бұл конференцияға ауданнан орыс тілі, әлеуметтік педагог және бастауыш секциялары бойынша 3 педагог қатысып, олардың 2-еуі жүлделі орынға ие болды.
ІІІ дәрежелі диплом иегерлері:
* Шұбалаң негізгі орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Байтикенова Тамара Аргынбековна
* Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі әлеуметтік педагогы Қосқолова Жанар Мұхтарқызы
Бұл жетістік – сіздердің кәсіби біліктіліктеріңіз бен шығармашылық ізденістеріңіздің айқын дәлелі.
Сіздердің еңбектеріңіз жас ұрпаққа сапалы білім беруге, педагогикалық идеяларды дамытуға қосылған үлкен үлес болып табылады.
Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, шәкірттеріңізге үлгі бола берулеріңізге тілектеспіз!
Жаңа жетістіктер, шығармашылық табыс пен толағай жеңістер тілейміз!
https://bb-dzhangeldi.edu.kz/t-gy/zhetisti-ter-bb-dzhangeldi1231/9703-sizderdi-tobyl-eslyam-ali-ly-d-uletbaev-atynda-y-skele-rpa-ty-intellektualdy-leueti-aza-stanny-tabysty-industriyaly-innovatsiyaly-damuyny-kepili-atty-xiii-irlik-ylymi-praktikaly-baj-au-ayasynda-ol-zhetkizgen-zor-zhetistikteri-izben-shyn-zh-rekten-tty-tajmyz.html#sigFreeId986f6f1b5a

