Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша дарынды оқушыларды анықтау мақсатында ұйымдастырылған «Жарқын болашақ» республикалық олимпиадасының облыстық кезеңінде Жангелдин ауданының командасы жоғары нәтиже көрсетіп, аудан мерейін үстем етті. Аудан намысын қорғаған жас дарындар жүлделі орындарға ие болып, білім мен бәсекеде биік белестерді бағындырды. "Бейнелеушілер" номинациясы бойынша Қ.Қайдосов атындағы жалпы білім беретін мектептің 11-сынып оқушысы Қапенов Даулет Дулатұлы ІІІ орынды иеленді. Жетекшісі Махатов Ерік. "Білгірлер бәйгесі" номинациясында М.Дулатов атындағы жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушысы Түйебай Сабина Алиханқызы ІІІ орынға қол жеткізді. Жетекшісі Баекина Майра. "Сөз шебері" номинациясында Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектептің 11-сынып оқушысы Молжігіт Жанболат Мәдиұлы І орынды жеңіп алып, облыс жеңімпазы атанды. Жетекшісі Серикбаева Әсем Қыстаубаевна. Молжігіт Жанболат Мәдиұлының республикалық кезеңге жолдама алуы – үлкен жетістік. Бұл оның таланты мен табанды еңбегінің, жүйелі даярлығының айқын нәтижесі.
Жангелдин ауданының білімді жастары тағы бір мәрте өздерінің қабілеті мен қарымын дәлелдеді. Бұл жетістіктер – сапалы білім мен мақсатты еңбектің, ұстаз бен шәкірт арасындағы сенім мен тынымсыз ізденістің жемісі.
Дарынды оқушыларымызды, олардың жетекшілерін және білім ордаларын шын жүректен құттықтай отырып, алдағы республикалық кезеңде толағай табыс пен жарқын жеңістер тілейміз.
Жангелдин ауданының білімді жастары – елдің жарқын болашағы.
12 Мамыр 2026
Жетістіктер
«Жарқын болашақ» республикалық олимпиадасының облыстық кезеңінде Жангелдин ауданының командасы жоғары нәтиже көрсетіп, аудан мерейін үстем етті
Пайдалы ақпараттық ресурстар


