Наурыз айының 2-жұлдызында Жангелдин ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен республикалық «Әбіш оқулары» байқауының аудандық кезеңі қорытындыланды. 8–11 сынып оқушылары арасында өткен байқау өз мәресіне жетіп, үздіктер анықталды. Байқауға аудан мектептерінен 36 оқушы қатысып, 5 номинация бойынша жеңімпаздар анықталды. Облыстық кезеңге жолдама алған жүлдегерлеріміз: Жаңабай Айзере, Ш.Уәлиханов атындағы Торғай жалпы білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы. Жетекшісі - Кенжегали Сымбат. Капенов Дәулет – 11-сынып оқушысы (Қ.Қайдосов атындағы жалпы білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы. Жетекшісі Махатов Ерік. Бақытжан Ержан, Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы. Жетекшісі - Елеубаева Ақмарал. Ғалымжанова Аружан, Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы. Жетекшісі - Серікбаева Әсем. Сахналық қойылым номинациясы бойынша Ы.Алтынсарин атындағы мектептің өнерпаздары. Жетекшісі – Бекетова Елгүл. Жүлдегер оқушыларымызды және жетекші ұстаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Жүйелі дайындық пен табанды еңбектің жемісін облыстық кезеңде де көрсете алады деп сенеміз. Биік белестерден көріне беріңіздер!


