2026 жылғы 19 ақпан күні жас педагогтердің кәсіби шеберлігін анықтауға бағытталған «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» республикалық байқауының аудандық кезеңі өтті. Байқауға аудан мектептерінен 6 жас мұғалімдер қатысып, өздерінің педагогикалық шеберлігін, шығармашылығы мен жаңашыл идеяларын көрсетті.Негізгі мақсаты:Жас педагогтердің әлеуметтік мәртебесін және шығармашылық әлеуетін арттыру, инновациялық қызметін дамыту,әрі қарай кәсіби шеберліктерін жетілдіруіне жағдай жасау.
Қазылар алқасының шешімі бойынша байқау нәтижесі төмендегідей анықталды:
I орын – Амишева Дильназ- «Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің ағылшын тілі пәні мұғалімі (114 ұпай)
II орын – Асқарқызы Толқынай -«С.Мауленов атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің ағылшын тілі пәні мұғалімі (110 ұпай)
III орын – Накенова Гүлбахыт - «Ш.Уәлиханов атындағы Торғай жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің математика пәні мұғалімі (105 ұпай)
Қалған қатысушылар да өздерінің кәсіби деңгейін көрсетіп, жақсы нәтижелерге қол жеткізді.
І орын иеленген Амишева Дильназ Съездібекқызы облыстық кезеңге жолдама алды.
Байқау жас педагогтердің тәжірибе алмасуына, шығармашылық ізденісін арттыруға және білім беру саласына жаңа идеялар енгізуге мүмкіндік берді.
Қатысушыларға алдағы жұмыстарына табыс, шығармашылық жетістіктер тілейміз!


